Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған доллар өткізбек болған адам сотталды

Oinet.kz 20-02-2024 407

Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық істі Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеген.

“Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды” , – делінген ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны айтылады.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.

Денсаулық негізіі. 4 предрассудка о менструации, которые не соответствуют реальности
«Әйелдер күйеулерін пышақтап тастаған»: Шымкент сотында адамшошырлық оқиғалар айтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу