«Көз жасын жасыра алмады»: Қатты аязда адасқан шопандар қандай жайтқа тап болғанын айтты (видео)

Oinet.kz 23-02-2024 547

Абай облысында полицейлері қатты аязда адасқан шопандарды тапты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

22 ақпанда сағат 01.24-те "103" арнасының операторынан Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 шақырым қашықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш түскн. Қоңырау шалушы әріптесімен бірге кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанармайы қатып қалғанын және ер адам кері қайтайын десе, адасып кеткенін айтқан. Кейбір жерлерде байланыс болмапты. Жығылғанға жұдырық болып телефонның қуаты да таусылуға шақ қалған. Дала кезіп жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты қатып тоңғанын хабарлады. Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке келген.

Адасқандар өздерінің бағыттарын нақты айта алмапты. Полиция қызметкерлері Дастан Иманов пен Еркебұлан Самалхан шамамен бағытты түсініп, трактор дөңгелектерінің ізімен адамдарды іздеген. Нива автокөлігімен даланы аралап жүріп, полицейлердің өздері қар құрсауында қалып, көлікті тастап, әр минут маңызды екенін түсініп, іздеуді жалғастыруға шешім қабылдаған. Бұл уақытта ауа температурасы -39-ға дейін жеткен еді. Өз өмірін қатерге тігіп, үсік шалған полицейлер 2 шақырымнан кейін тракторшыларды тапты.   

"Ер адамдар қуаныштың көз жасын жасыра алмады, бізге алғыс айтты. Біз олармен бірге қуандық, адамдарды құтқару үшін бәрін жасағанымызды түсініп, толық тыныштық сезімімен үйге қайттық", - деді Дастан Иманов.

Ораза қай күні басталады?
Популярные Спортивные События для Ставок: Как Найти Свой Фаворит
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу