Шешенстанда Құранды өртеп, Рамзан Қадыровтың ұлының соққысына қалған студент сотталды

Oinet.kz 27-02-2024 644

27 ақпанда Шешенстанда Құранды өртеп жіберді деп айыпталған ресейлік Никита Журавель үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sotavision Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Волгоград тұрғыны Журавель “Бұзақылық бабы” бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ дінге сенушілердің сезімін қорлау қылмыстық бабы бойынша 300 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа сотталды.

Сот отырысында Журавель мұсылмандардан кешірім сұрап, қасиетті кітапты өртеп жібергені үшін кінәсін мойындағанын, тәртіпті өрескел бұзуға еш себеп жоқ екенін мәлімдеді.

2023 жылдың 19 мамырында желіде мұсылмандардың наразылығын тудырған видео тарады. Видеода мешіттің жанында Құран Кәрімнің өртеніп жатты. Келесі күні Волгоградта жергілікті педагогикалық университеттің студенті Никита Журавель ұсталды. Оның айтуынша, бұл Украинаның тапсырмасымен жасалған. Олар бұл үшін 10 мың рубль уәде етті.

Еске салсақ, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров Құранды өртегені үшін Никита Журавельді тергеу изоляторында ұрып-соққан. Рамзан Қадыров ұлының бұл әрекетімен мақтан ететінін айтты.

Қала шетінде өртеліп жатқан иттердің өлекселері жұртты шошытты (видео)
Халықтың 5 жыл төленбеген кредиттері кешіріліп жатқаны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу