Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимарат зардап шеккен (видео)

Oinet.kz 04-03-2024 947

4 наурызда Алматы қаласындағы 5 балдық жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимараттың қабырғасы жарылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

4 наурызда болған жер дүмпуінен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі экономика және жоғары бизнес факультетінің 2-қабатындағы қабырғаларынан жарықшақ пайда болды. Видеоны студенттер жүктегенімен, ЖОО әкімшілігі әзірге түсініктеме бермеді. 

Сондай-ақ жер сілкінгенде, ҚазҰУ жатақханасынан студент 3-қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады. Алайда Stan.kz тілшілері ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі мен денсаулық сақтау басқармасына хабарласқанда, олар бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай мәлімет түспегенін айтты. 

Желі белсендісі, коуч Роза Әшірбай жер дүмпуінен кейінгі кеңсесінің фотосын жариялады. Онда шыны қабырға сынып, жиһаздары құлап қалғанын көруге болады. 

Сонымен қатар Көкжиек шағынауданының тұрғындары көпқабатты үйлердің сыртында жарықшақ пайда болғанын айтып, шағымданып жатыр.

Айта кетейік, ТЖМ таратқан ақпаратқа сәйкес жер сілкінісінің Алматыдағы күші 5 балға тең болған.

Алматыда осы жолы сирена іске қосылды: Ал полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Лучшие бонусы от букмекерских контор 2024: где найти и как получить
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу