Шетелдік туристі 3 бұзақы зорлап кеткен

Oinet.kz 05-03-2024 2113

Үндістанның шығысында үш адам топ болып шетелдік туристі зорлаған. Онымен қоймай күйеуіне шабуыл жасаған. Қазір күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Джаркханд штатының полициясы 1 наурызда кешкі патрульдеу кезінде мотоцикл мінген жұпты тоқтатты. Олар Батыс Бенгалия штатынан Непалға қарай жол тартып бара жатқан екен. Сұрастыру барысында әйелдің жапа шеккені анықталды. Туристер бірден ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерге белгісіз адамдар оны зорлағанын айтты.

Полиция күдіктілердің жеке басын анықтап, арнайы тергеу тобын құрды. Бұл ретте жәбірленушінің аты-жөні және оның ұлты жария етілмеген.

Кейіннен саяхатшы-блогерлер Instagram-дағы парақшасында Үндістанда оларға шабуыл жасалғанын мәлім еткен. Айтуларынша, қаскөйлер оларды пышақпен қорқытқан. Салдарынан әйел зорланып, ауруханадан бір-ақ шыққан. Кейінірек ол Instagram-дағы storis жариялап, бетінің қалай көгергенін көрсеткен. Сонымен қоса турист өмірімен қош айтыса жаздағанын айтып шағымданған. Осы оқиғадан кейін күдіктілер ұсталып, қамауға алынған.

Лучшие бонусы от букмекерских контор 2024: где найти и как получить
Ақшаға құмар екеніңізді көрсететін 6 белгі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу