Ақтөбеде жігіт медбике қыздың қыр соңынан қалмай, «Сен екінші Салтанат боласың» деп қорқытқан

Oinet.kz 24-05-2024 3084

Ақтөбеде жігіт медбикені аңдып, жұмыс орнына келіп шабуылдап, есікті сындырып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Оқиға 22 мамырда "Болашақ" ауданындағы отбасылық медицина орталығында болған.

22 жастағы Амангүл сталкингке ұшырағанын айтты. Сөзінше, жігіт 1 айдан бері оның артынан қалмай жүр екен.

“Оны бірінші рет сәуірде әріптес қыздармен футбол матчына барғанда көрдік. Осыдан кейін ол маған Instagram арқылы жазып, телефон соға бастады. Мен учаскелік медбикемін, көп науқаста менің номерім бар, оны табу қиын емес. Бұл жігіт маған әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, кездескісі келетінін айтты. Мен одан қорқа бастадым. Жақында үйімнің алдында тұрғанын айтып, шығуымды талап етті. Шықпасаң, жаман болады деп бопсалады. Бірақ мен жігітім бар деп, оған енді жоламауын сұрадым. Тағы бір қоңыраудан кейін полицияға хабарласып, арыз жаздым”, – деді медбике.

Сөзінше, келесі күні ол жұмыс орнына келіп, шу шығарған.

"Жұмыс орнында үш адам болды. Таңғы сағат 10-дарда қолында гүлі бар жігіт келді. Біз басында оны науқас деп ойладық. Сөйтсем, ол маған айқайлап, “жігітің түрмеде отырған адам, зорлықшы, ол Бишімбаев сияқты түбіңе жетеді, ал сен екінші Салтанат боласың деп айғайлай бастады”, – деді Амангүл. 

Медибекелер есікті жауып, тығылғанымен, ол есікті теуіп, тұтқасын сындырып кетіпті.

Амангүлдің әріптесі Айжанат Кеңесова бұл жігіттің оған да жазғанын айтады. Ол өзін еріктімін деп таныстырып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткісі келетінін жазыпты.

“Гришин көшесіндегі жатақханадағы емханадан кезекшілік етеміз, онда су тасқынынан зардап шеккендер бар, мен жігітті сонда жібердім. Оның ерікті емес екенін қайдан білейін? Енді ол жаққа да келе ме деп қорқамыз”, – деді Айжанат Кеңесова.  

Оқиғадан кейін емханаға полиция келген, Амангүл тағы да арыз жазды. Медбикелер енді үйге жалғыз қайтуға қорқады.

“Жақында қаламызда жас дәрігер қызды өлтіріп кетті. Оны да осылай аңдыды, ол полицияға жүгінді, бірақ соңы өліммен аяқталды. Сондықтан емханада болған оқиғаға алаңдаймыз. Бір адам тапа-тал түсте келіп, шу шығарып кетті", – деді емхана бас дәрігерінің орынбасары Ботагөз Елдесова.

“Жақында ғана қаза тапқан әріптесіміздің өлімінен кейін әлі өзімізге келе алар емеспіз. Қалалық ІІБ басшылығы мен прокурорлар мұны бақылауға алуы керек", – дейді отбасылық медицина орталығының бас дәрігері Самат Данияров. 

Полиция қаскөйдің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Оның психиатрлық есепте тұрғаны белгілі болды. Жігітті психикалық топ алып кеткен.

«Жүрегім бос деп айта алмаймын»: Салтанат Нүкенованың ағасы бұрынғы некесі туралы айтты
Әйелін ұрып-соққан дипломат туралы жаңа ақпарат пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу