Алып жылан 50 жастағы әйелді жұтып қойды

Oinet.kz 09-06-2024 1928

Индонезияда алып жылан 50 жастағы әйелді жұтып қойды. Жоғалып кеткен Калемпанг ауылының тұрғынының денесін біраз уақыттан кейін бауырмен жорғалаушының ішінен тапқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Төрт баланың анасы 50 жастағы Фарида орман арқылы базарға кеткен. Базарда ол жеміс-жидек сатпақ болған. Алайда бірнеше сағаттан соң ол үйіне оралмағандықтан Фариданың күйеуі түнде алаңдап, жергілікті тұрғындармен бірге әйелді іздей бастайды.

Келесі күні олар қалың бұталар арасынан үлкен питонды тапқан. Оның бауыры қатты ісініп жатқанын көреді. Ер адамдар мұны жаманыққа балап, күдіктеніп, бауырымен жорғалаушының ішін жарған.

Болжамға сай питон алдымен әйелдің аяғынан тістеп, кейін денесін орап, оны тұншықтырып өлтірген. Содан соң басынан бастап біртіндеп жұтқан.

Торлы питон (Malayopython reticulatus) - ұзындығы әдетте 6,25 метрден асатын әлемдегі ең ұзын жылан.

Ол Азияда кездеседі. Индонезиядағы қалалық өркениет жоқ джунглиінде торлы питондардың үлкен популяциясы бар. Бұл жыландар улы емес. Олар құрбандарын күшті денелерімен орап, тұншықтырады.

Питонның адамды жұтып қойған соңғы жағдайы 2022 жылы Индонезияда болған. 

«Өзеннің жағасында ұйықтап қалған »: Шымкентте 6 баланы асырап, зәбір көрсеткен емші жайлы қарындасы
Қарағандыда ер адам қоғамдық көлікте жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу