Астанада алты ер адам онлайн ойын арқылы танысқан мүгедек баланы жабылып зорлаған

Oinet.kz 08-08-2025 140

Астаналық әйел бір топ адамның ІІ топтағы мүгедектігі бар баласын бірнеше рет зорлағанын айтып, шағым түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Әйелдің айтуынша, жәбірленуші күдіктімен онлайн ойын кезінде танысқан. Жігіттің анасы желіде істің төрт ай бұрын Нұра ауданының полициясына берілгенін айтты. Бірақ сараптама қорытындылары болғанына қарамастан, осы уақытқа дейін ешкім қамауға алынбаған. Анасы инсульт алған, ал ұлында эпилепсия басталған. Туыстары тергеудің әдейі созылып жатқанын айтады.

Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

“Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Барлық тергеу әрекеттері қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асырылады”, – деп мәлімдеді ведомство.

Алматыда қарты ерлі-зайыптының денесі табылды - Күдікті қылмыскерге іздеу жарияланды
Алматыда 18 жастағы ақыл-ой кемістігі бар қызды зорлап, ішегін тілгілеп тастаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу