Қапшағайда жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Oinet.kz 04-09-2025 91

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Бүгін ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының бортынан жағалаудан 5–6 шақырым қашықтықта су бетінде ер адамның денесі анықталды. Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының күшімен, жүзу құралының көмегімен дене жағаға жеткізілді, — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстары оқиға болған 31 тамыздан бастап үздіксіз жүргізілді. Операцияға тікұшақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, "Эхолот" гидроакустикалық құрылғысы, сондай-ақ 17 құтқарушы, 3 техника және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.

Құтқарушылар алғашқы сағаттардан бастап ауқымды іздестіру жұмыстарын атқарды: моторлы қайықтардың көмегімен 30 шаршы шақырымға дейінгі акваторияны тексерді, бірнеше рет сүңгуірлер су астына түсті, шамамен 15 шақырым жағалау сызығын қарады және әуеден бақылау үшін дрондарды қолданды.

Алматы облысы ТЖД марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, жарамды жүзу құралдарын қолдану және міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керектігін еске салды.

Жамбылда туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
Үш адамды өлтірген қылмыскер Алматыда емін-еркін жүр (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу