Оразада етті қымбат сатқан саудагерлер жазаланды

Сұраныс жоғары болса, бағаның өсетіні нарықтық заманның заңы. Бірақ, қасиетті Оразада бұған жол бермейтін елдер бар. Мәселен – Тәжікстан. Қасиетті Рамазан айында етті қымбат бағаға сатқаны үшін осы елде 4 кәсіпкер әкімішілік жазаға тартылды. Ел астанасы Душанбеде Рамазан айы барысында азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытында бақылау жұмыстары қолға алынған екен. Осының аясында ресми ескертулерге қарасматан етті қымбат бағамен сату фактілері тіркеліп, сатушыларға шара қолданылды. Кәсіпкерлер аудандық соттың шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Басқа пайдакүнем саудагерлер үшін бұл жақсы сабақ болғаны анық.


