Проблемалық кредиттер қоры экс-басшысы құрықталды

Oinet.kz 25-02-2026

Screenshot_1.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржы министрлігінің "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын құрықтады. Бұл азаматқа қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдік туындап отыр. Тергеу материалдарына сәйкес ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақшаны ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген екен. Бұл аздай, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатуға барған. Осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден аса қаражат түспей қалған.

Ресми мәлімдемеде көрсетілгендей, «құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды". Сот санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Қазіргі таңда осы іске байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Әскердегі сарбаздардың несиесі 300 млн теңгеге дейін жеткен
Динара Зәкиева зорланған оқушы қыздардың жағдайы туралы пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу