Сұлтан Сәрсемәлиев сотта әкесін көріп жылап жіберді
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бүтін бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алу басталды. Атышулы іс бойынша басты күдікті - марқұмдардың күйеу баласы 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев. 29 мамырда айыпталушының ата-анасы сотта куәгер ретінде жауап берді.

Сот залына алғашқылардың бірі болып айыпталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев шақырылды. Егде жастағы ер адамның есту қабілеті бұзылғаны және аяғының жарақатына байланысты әрең қозғалатыны белгілі болды.
Сот залына әкесі келгеннен кейін айыпталушы Сұлтан Сарсемәлиев көз жасына ерік берген. Бірақ судья Зарема Хамидуллинаның сұрағына "бәрі жақсы" екенін айтқан.
Айыпталушының әкесі отбасында төрт бала бар екенін, Сұлтан ең кенжесі екенін, сонымен қатар, ұлының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевамен қарым-қатынасы туралы айтқан.
"Ұлым балаларына да, әйеліне де ешқашан агрессия көрсеткен емес. Олардың арасында жанжал болған жоқ, Сұлтан үй ішіндегілерге әрдайым сыпайы қарайтын", - деп айыпталушының әкесі.


