Буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өтті

Oinet.kz 02-06-2026

265ec6b3-6453-4854-8881-24c726ea66a1 (1).jpg

«Bala Protect» жобасын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара арнайы дайындалған бейнероликпен басталды. Бейнероликте құқық бұзушылықтың салдары мен адамның өмірге деген көзқарасының өзгеруі туралы сұхбаттар көрсетілді.

Іс-шараға буллинг фактілері бойынша есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Прокуратура өкілдері балаларға өзара сыйластық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын атап өтіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен бақылауды күшейту қажеттігін жеткізді.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Еңбек министрі 1 млн. 200 мың теңге жалақы алатынын жасырмады
Зайытов балабақшаларда балаға не көрсетіліп жүргенін сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу