Жастар жасақтарының мерекелік салтанатты шеруі өтті.

Oinet.kz 01-06-2026

Screenshot_42.jpg

Бүгін Сайрам ауданы, Ақсукент кентіндегі “Ақсукент паркінде” студенттік және жастар жасақтарының мерекелік салтанатты шеруі өтті.

Іс-шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлы, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Керімбеков Талғат Айтқұлұлы, Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы, Өңірлік филиал кеңесшісі Қалдыгозов Нартай Әшірбайұлы және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Шара барысында құрылған төрт студенттік және жастар жасақтары таныстырылып, отаншылдық рухтағы ұрандар айтылды. Сонымен қатар, жастар мамандықтарына сәйкес еңбек маусымындағы жұмыстарға салтанатты түрде жолдама алды.

Мұндай бастамалар жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтуға бағытталған.

«Цифрландыру және жасанды интеллект» атты өңірлік жастар форумы өтті
Республикалық конференция өтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу