Димаш ШҚО-дағы «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінде өнер көрсетеді

Oinet.kz 19-06-2026

Шығыс Қазақстан облысында 10-12 шілде аралығында Катонқарағай ауданында өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне дайындық жалғасуда. Ауқымды этномәдени форумның басты оқиғаларының бірі – әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі болмақ.

image.png

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, өнерпаз фестивальге қатысуын растаған. Аталған шара Қазақстанның ресми туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Димаштың концерті өңірге әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтар санын арттырады деп күтілуде.

Катонқарағай еліміздегі ең көркем туристік өңірлердің бірі саналады. Мұнда жыл сайын туристер саны артып келеді, ал жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар заманауи туристік инфрақұрылымның дамуына серпін беруде. Өңірде жыл бойы жұмыс істейтін қонақүй кешендері мен туристік ауылдар салынып, тау шаңғысы бағыттары мен экологиялық туризм дамып келеді.

image.png

Фестиваль бағдарламасы мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды қамтиды. Қонақтарды концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, қолөнершілер көрмелері, этномәдени жобалар және түркі халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстыру шаралары күтеді.

image.png

11 шілде күні сағат 19:00-де сахнаға Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия, Башқұртстан және Ресей Федерациясының Тыва Республикасынан келген өнерпаздар шығады.

Олардың қатарында Efendi, Jax, Aizana, Әлішер Байниязов, Севарахон Туланова, Мурат Япрак, Сүбедей Самдын, Hazina, NOX, Төреғали Төреәлі және Сармат топтары бар. Кештің басты хедлайнері – Димаш Құдайберген.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, фестиваль жарқын мәдени оқиға ғана емес, сонымен қатар Шығыс Қазақстандағы туризм саласының дамуына қосымша серпін беріп, өңірдің еліміздегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Первая административная амнистия: более 1 млн дел и 23 млрд тенге штрафов
Balkhash Tour Fest-2026: таңғалдырар жаңалықтар және тосынсыйлар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу