Әділетхан Молдаханға сот үкімі шықты
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған Әділетхан Молдаханға қатысты сот үкімі шықты. Оған көрінеу жалған ақпарат таратты деген айып тағылған еді.

Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды.
Айта кетейік, 2 шілдеде Алматының Алмалы аудандық сотында Әділетхан Молдаханға қатысты іс бойынша сот жарыссөзі өтті. Прокурор айыпталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.
Жәбірленушілер айыптау тарапының ұстанымын қолдап, оған блогерлік қызметпен айналысуға тыйым салуды да сұраған.


