Түркістан облысында қылмыстық топ әшкере болды

Oinet.kz 16-07-2026

Түркістан облысында 200 млрд теңге көлеміндегі көлеңкелі қаржы айналымының және контрабанда арналарының жолы кесілді.

Screenshot_1.jpg

Жедел іс-шаралар нәтижесінде Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен темекі өнімдерін тасымалдап, оларды Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде өткізумен айналысқандардың заңсыз әрекеті тоқтатылды.

Жалпы құны 103 млн теңге болатын темекі өнімі тәркіленді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар, шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен алынған қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Түркістан облысы прокуратурасы хабарламасында.

Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 адам анықталып, олардың 5-еуі күзетпен қамауда отыр.

Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу