ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУ – АШЫҚТЫҚ КЕПІЛІ

Oinet.kz 24-07-2026

IMG_5918.jpeg

 

Елімізде мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысын болғызбау бағытында заңнамалық база күшейтілді.

Мемлекет басшысы 2026 жылғы 12 маусымда№ 311-VIII «Қазақстан Республикасының кейбірзаңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына қол қойдыЖаңатүзетулер жемқорлық тәуекелдерін алдын алуға бағытталған қадамдарды айқындап берді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган ретінде танылып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асырады.

Заңдағы басты жаңашылдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің құқықтық мәртебесін нығайту. Осы уақытқа дейінұйым басшылығына тікелей бағынышты болыпкелген бұл құрылым енді атқарушы биліктен толықтәуелсіз болмақ.

Бұл жаңашылдық Шымкент қаласындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет ететін 49 комплаенс-офицердің жұмысына тікелей оң әсерін тигізеді.

Жаңа Заң аясында «ҚР Еңбек кодексіне», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарға маңызды түзетулер енгізілген

ҚР Еңбек кодексінің 140-баптың 1, 3 және 5-тармақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі  жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері айқындалды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 53, 57, 60 - баптарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке қатысты Директорлар кеңесінің айрықша құзыреті  белгіленді. Комплаенс-қызметтің Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап ету мүмкіндігі айқындалды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы 61-1-баппен толықтырылды.  

«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 149-бабында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау         кеңесінің комплаенс-қызметке қатысты өкілеттіктері белгіленіп, Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мәртебесін айқындайтын 150-3 баппен толықтырылды.

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңның 8-бабының 3-тармағында сыбайлас жемқоролыққа қарсы комплаенс-қызметке қатысты Директорлар кеңесінің айрықша құзіреті көрсетіліп, Заң Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің мәртебесін  белгілейтін 11-2 баппен толықтырылды.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы квазимемлекеттік сектор субъектісі болып саналатын серіктестіктердегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы 58-1 бабымен толықтырылды. 

Енді комплаенс мамандары тікелей директорлар кеңесіне немесе байқау кеңесіне есеп беріп, олардың отырыстарын шақыру құқығына ие болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжөніндегі уәкілетті орган осы қызметтердіңжұмысын жүйелейтін үлгілік ережелерді бекітугежауаптыЖалпы алғандабұл шаралар мемлекетқатысатын кәсіпорындарда ашықтықты арттырыпжемқорлық тәуекелдерін заң жүзінде болдырмаудыкөздейді.

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

 

 


Шымкентте әкімшілік рақымшылықты жүзеге асыру қорытындылары шығарылды
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу