Еңбек министрлігі: «Қаласа, ақшаны қайтара алады»

Oinet.kz 09-09-2019 1033

Картинки по запросу деньги казахстана

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова ОКҚ-да өткен брифингте мемлекет несиесін өтегенін құп көрмейтіндер ақшаны қайтара алатындығы туралы айтты.

«Адам өзіне мемлекеттің несие рақымшылығын сай емес деп таныса, ол адамның жеке құқығы. Бұл жарлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына қатысты қабылданғанын барлығы біледі. Яғни, онда ешқандай шектеулер жоқ. Егер бір отбасы үлкен отбасына жататын болса, демек, осы отбасына 300 мың теңге көлемінде қарызды қайтару тұрғысынан біржолғы көмек көрсетіледі.

Бұл ақшаны қайтару мәселесі бойынша. Бұл азаматтық ұстаным. Сізге бұл ақшаны ерікті негізде қайтаруға әбден болады. Тиісінше, бұл ақша бюджетке қайтарылады және басқа мақсаттарға жұмсалады. Немесе адам бұл көмекті шынымен мұқтаж адамдарға бере алады. Яғни, бұл ақшаны біз өз өлшеміміз бойынша бағалап, береміз», - деді Жақыпова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл акцияның нақты аяқталу мерзімі белгісіз.

Анара Батырхан: «100 мыңға да, 50 мыңға да тойға шығамын»
Сөмкесінің ауырлығынан құлап түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу