Балаларды қайыр сұрауға мәжбүлеп, өлім тілеген әке кінәсін мойындамады

Oinet.kz 11-09-2019 1136


image.png

Алматыда қараусыз қалған 6 бүлдіршін көше кезіп жүр. Айтуларынша, аналары бақилық болғаннан кейін, туған әкелеріне керек болмай қалған. Тіпті туған туыстары да табалдырықтарынан аттатпайтын көрінеді, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап. 

Аналарын жер қойнына тапсырып, әкелері тастап кеткен балаларың қазір барар жері, басар тауы жоқ. Олар қараусыз қалған үйлерді паналап, жан бағуда.

 «Мектепті бітірдім, мектептен кейін заң колледжін бітірдім. Қазір бауырларыммен бірге тұрып жатырмыз. Дачада тұрамыз. Орыстың иесіз қалған үйінде, өмір сүру үшін тұрып жатырмыз», - дейді үйдің үлкені Шарапат.

«Әкелерің керек пе?» деген сұраққа балалар: – Иә керек, бірақ біз оған керек емеспіз ғой, - деп көзіне жас алды.

Қазіргі таңда бұл балалар мемлекет беріп жатқан 70 мыңға күн көруде. Ол жетпесе, қара жұмысқа шығады екен.

«Мамам қайтыс болғанға дейін бәріміз ауылда тұрдық. Өзіміздің мал шаруашылығымыз болды. Сомен айналыстық Бәріміз бірге тұратынбыз, Күліп-ойнап жүретінбіз. Әкеміз еркелетіп, бізді жақсы көретін. Одан кейін өзгеріп кетті» - дейді үйдің ортаншысы.

Қазіргі таңда 6 бауырдың 4-еуі бірге тұрады. Ал 13 жасар бір қызы әкесімен тұрады. Үйдің кенжесі ауылда тұратын көрінеді. Ең сорақысы, әкесімен бірге жүріп-тұратын қыз Алматыда орталық мешіттің алдында қайыр тілеп, ақшасын әкесіне беріп жүрген.

«Саяхатта бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрамыз, күніне 1000 теңге. Телефонмен әйелдермен сөйлеседі. Сөйлеспе деп айтамын», - әкесімен тұрып жүрген қыз.

Астарлы ақиқат бағдарламасына көмек сұрап келген балалар енді әкесін көргісі келмейді. Редакция қызметкерлері қатігез әкені полиция бөлімшесіне тапсырды.

Түркістандағы жарылыстан 11 адам зардап шекті
Жігіттер квартетінің продюсері құмар ойынға салынудың пайдасын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу