Алматыда қорыққан оқушы терезеден секіріп кеткен

Oinet.kz 11-09-2019 995

терезе.jpg

Алматы қаласында №80 мектептің бірінші сынып оқушысы терезеден секірген. Белгілі болғандай, мұғалім оны сыртынан жауып, кілттеп кеткен. Тексерген кезінде оқушы партаның астына иіліп отырғандықтан көрінбей қалған. Сыныптың жабық екенін білген бала қорыққаннан терезеден секірген. Оны жоғары сынып оқушылары тауып алып, жедел жәрдем шақырылған. Тез арада ауруханаға жеткізілген баланың қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Қосарлас жарақат, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көкірек қуысының жарақаттануы, көкірек қуысы ағзаларының жаралануы, кәрі жілігінің жабық сынығы сияқты зақымдар алған бала жансақтау бөліміне жатқызылып, қазіргі таңда травматология бөліміне ауыстырылған.

Ипотекаға баспана алудың оңай жолдары
Еден жуатын қызметкерлердің анасымен жасты екенін ескеріп, басшылар кабинеттерін өздері тазалауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу