14 еркек зорлады деген қыз жалған ақпарат берді деп айыталып отыр

4810479D-0091-4D20-AC1D-8E4FB74D2FAC.jpeg

Көрнекі сурет


14 жігіт зорлады деп шағымданған қыздың арызы қайта қаралмақ, себебі адвокат сараптаманың жалған екенін мәлімдеп, 13 жігіттен ДНҚ сараптамасын қайта алу туралы талап қойып отыр.

Қостанай облысында топтасып қыз зорлады деп айыпталған жігіттердің ата-аналары күдіктілердің кінәсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлады "Наша Газета".

Күдіктілердің туыстары "балаларымызды жазықсыздан жазықсыз полиция әуреге салып жатыр" деп наразылық білдірді.

"Біздің балаларымыздың барлығы әкелікті анықтауға ДНҚ-тест тапсырды, ешқайсысы баланың әкесі болмай шықты. Енді бізге оны қайтадан тапсыру керек деп жатыр. Біз Қостанайға баруға мәжбүрміз, өйткені оны қылмыстық іс аясында ғана ақысыз тапсыруға болады, бірақ онда 3-4 күн өз қаржымызға тұруымыз керек", - дейді ауыл тұрғындары.

ДНҚ-тест ауылдағы 13 жас жігіттен қайта алынбақшы, себебі жәбірленушінің адвокаты алдыңғы сараптаманың жалған екенін мәлімдеген.   

"Бұл қашанға дейін жалғасады? Біз ол қызды білеміз, басқа ауылдарға барып жүретін, Алматыда да болды. Сонда ДНҚ-тест үшін сол жақтан да материал алу керек пе? Біздің балаларымыз жала жабылғаны туралы арыз жазуға дайын", - дейді туыстар.

Әке тану тестінен 13 адам өтті. 14-ші күдіктіні полиция таба алмаған, өйткені жәбірленуші оның кім екенін білмейді және оның сыртқы көрінісі есінде жоқ.

"Осыған байланысты прокуратура тоқтатылған істі қайта қозғады. Біз 14-ші жігітті жедел тергеу жолымен анықтаймыз. Екідін елді мекені мен жақын маңдағы екі ауылдың барлық ер адамынан қайта жауап аламыз. Егер әлдекім қызбен байланыста болса, біз одан ДНҚ-тестіне биоматериал аламыз. Әкелікті анықтаған кезде зорлау оқиғасының болған-болмағаны анықталады", - дейді тергеуші Қанағат Шәуенов.

Төрт жігіттің адвокаты Бектас Әміров бұл іс қылмыс құрамының болмауына байланысты әлдеқашан тоқтатылуы керек еді деп санайды.

"Тексерілген 13 адамға қатысты қылмыс құрамы жоқ деп санаймын. Неліктен оларды қайта тексеру керек? Іс тоқтатылуы тиіс. Менің қорғауымдағы азаматтар ауылдасына жала жапқаны үшін арызданады. Бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған", - дейді адвокат.  

Естеріңізге сала кетсек, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында адвокат Айман Омарова 14 еркектің қызды жабылып зорлағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады.

Жантүршігерлік оқиғадан кейін жәбірленушінің аяғы ауырлап, бала босанған екен.

Алайда күдіктілердің бәрі қылмысқа қатысы жоқтығын дәлелдей алды. Тергеушілер олардың арасынан баланың әкесі табылмады деп істі тоқтатқан.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан 608 млн долларға бидай сатты
  • Уәлибек Әбдірайымов «Жайдарман» мен «Әзіл әлемін» сынап тастады
  • Қазақ азаматы қара нәсілді келін алып келді
  • Ақтөбе облысында 13 жасар оқушы өлі табылды (видео)
  • Әрбір 11 секундта ана мен бала өлімі тіркеледі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика