Қазақстанға келген арабтар жеуге 50 көгершін сатып алды

Oinet.kz 12-09-2019 1113

Картинки по запросу голубь

Сириялық азаматтар Ақтөбе облысында 50 көгершін сатып алып, айтуларынша жеу мақсатымен өздерімен алып кетуге тырысқаны үшін жазаланды. 

Сириялықтар құстарды ителгі мекендейтін жерлерді іздеп жүрген сапарлары барысында Арал тұрғындарынан сатып алған екен, деп хабарлайды Oinet.kz Ақтөбе полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Охотзоопром" инспекторлары 30 тамызда кешкі сағат 11-ге жуық көгершіндер тасымалдаған үш машинаны ұстайды. Оқиға Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округінде, Онызтау елді мекенінде, Оймауыт ауылына жақын жерде орын алды.

Жүргізушілер мен жолаушылар Байғанин аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың бірі Қазақстан азаматы, қалған бесеуі - Сирия азаматтары екені анықталды.

Ұсталғандардың айтуынша, олар бірнеше күн бұрын Алматыдан кетіп, Ақтөбеге аттанған.

Ұсталғандар ӘҚБтК-нің 389-бабы "жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз сатып алу, сату, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)" бойынша жауапкершілікке тартылды. Қазақстан азаматы мен Сирияның бір азаматтарының әрбірі 25 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс, ал көші - қон заңнамасын бұзғаны үшін бір сириялық ескерту түрінде жаза алды, келесі біреуі 15 тәулікке қамауға алынды.

Көгершіндер бостандыққа жіберілді.

Жыл басынан бері балаларға қарсы жыныстық сипаттағы 589 зорлық-зомбылық жасалған
Жұлдыздар балаңыздың тұсауын қаншаға кесіп береді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу