2 жасар қыз байқаусызда өз анасын өлтірген

Oinet.kz 13-09-2019 1018

6C9CE4DB-E252-4EA3-9EBF-E9D0881DA35B.jpeg

Брест аймағында екі жасар қыз байқаусызда анасының мойнын көлік терезесімен қысып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz Sputnik Беларусь сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айының басында 20 жастағы әйел мен оның отбасы "Старое Село" ауылына барады.

 Сағат 16:30 шамасында күйеуі жұбайын ес-түссіз күйінде, көліктің алдыңғы сол жақ есігіндегі әйнегіне қысып қалған күйі табады. Ер адам әйнекті сындырып, әйелін босатып, жедел жәрдем шақырған.

 7 қыркүйек Брест ауруханасының жансақтау бөліміндегі дәрігер Дмитрий Иванюк:

 «Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел екі жасар қызын көліктен ашық терезе арқылы шығаруға тырысып, сол кезде қыз терезесінің түймесін басқан болуы мүмкін», - деді.

 Тергеу комитетінің Брест ауданаралық бөлімі тексеру жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды.


Атыраулық әйел 20 жыл отасқан күйеуін өлтірді
Лавров: "Сириядағы соғыс бітті"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу