Ақтөбелік зейнеткер банктен кредит алып жатып көз жұмды

Oinet.kz 13-09-2019 592

Картинки по запросу хоум кредит

Көрнекі сурет

72 жастағы ер кісі банк менеджерімен сөйлесіп жатып есінен танып қалады.

Ақтөбе қаласында 72 жастағы тұрғын қаржы институтына кредит алу үшін келіп, банк ғимаратында есінен танып, қайтыс болды.

Зейнеткер қайтыс болғанында жанында өзінің туған бауыры болды, деп хабарлайды Oinet.kz "Диапазон" газетіне сілтеме жасап.

Ер адам кредит алмақ болып менеджермен сөйлесіп жатқан, бір кезде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалады. Зейнеткер қайта есін жиған жоқ, оқиға орнына келген дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем 8 минуттан кейін барғанын хабарлады.

"Сол күні ол сергек және жақсы көңіл-күйде болды, бауырымен бірге банкке барды, шағын кредит алғысы келді. Басында не болып жатқанын ешкім түсінбеді. Владимир менеджерге қарама-қарсы отырды, ол жай ғана басын төмен салбыратты. Бауыры оған жүгіріп барып, есін жидыруға тырысты, бірақ одан ешқандай тіршілік нышаны байқалмады", - деп басылым марқұмның туысының сөзінен үзінді келтірген.

Оқиға 6 қыркүйекте орын алды. Зейнеткер өмір бойы экология департаментінде жұмыс істеп, басшылық қызметтер атқарған. 

Қайрат Нұртастың анасы немересін «Қазақтың Бейонсесі» болатынын айтты
СҚО-да заңсыз жүрген шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу