Мас браконьер қызыл кітапқа енген үш бұғыға оқ атқан

Oinet.kz 13-09-2019 872

Шығын бес миллион үш жүз мың теңгеден асты.

Алматы облысында үш бұғы еті бар браконьер ұсталды.

- 9 қыркүйекте бірлескен рейдтік іс-шара барысында Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінің экологиялық полиция қызметкері, Еңбекшіқазақ ауданы, Екпенді ауылының жанындағы Қарашеңгел аңшылық шаруашылығымен бірге тіркемесі бар Toyota Hilux Surf автокөлігіН байқайды. Полицейлер тоқтауын талап еткенде, жүргізуші қашып кетуге тырысады, бірақ жүргізуші рөлін жоғалтып алып, нәтижесінде көлік пен тіркеме аударылып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көліктен жоғалып кету қаупі төніп тұрған «тоғай қызыл бұғысы» түріне жататын жабайы, қызыл кітаптағы үш жануардың еті тасымалданды.

- Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337 с. «Заңсыз аң аулау» бойынша тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр, заңсыз аң аулауда болған қатысушыларды анықтау шаралары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, бұғы ату нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын бес миллион үш жүз мың теңгеден асады.

Жеке тұлғаларға салық рақымшылығы: қайда бару керек?
Қытайлықтар маймылдар мен адамдарды будандастыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу