Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылмақ

Oinet.kz 13-09-2019 1245

Screenshot_6.jpg

Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы LS-ке сілтеме беріп. 

"Қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгі автокөліктер үшін салықты алып тастау мен салықты бензин құнына қосу жағы да қарастырылуда. Бұл шара ұлттық табысты әділетті бөлу тетіктерінің бірі болады деп санаймыз", - деді министрлік өкілдері.

Министрлік сонымен қатар сыра мен қыздырылатын темекі өнімдері, никотині бар сұйықтықтар сияқты әлеуметтік зиянды өнімдерге акциздік ставкаларды көтеруді, сондай-ақ қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне салықты көтеруді ұсынады.

Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін модернизациялау туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, ЖІӨ мен халықтың табыстарының өсуіне қарамастан, Қазақстанның қоғамында мүліктік алшақтық күшейіп отыр.

Алик Шпекбаев апта сайын азаматтарды жеке қабылдау өткізетін болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Нидерланды Елшілігінің ынтымақтастығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу