Президент ауылда жемшөптің қымбат екенін айтып, мәселені шешуді тапсырды

Oinet.kz 17-09-2019 2410

Картинки по запросу Тоқаев СҚО

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында еліміздің солтүстігіне жасаған сапары туралы мәлімдеме жасады. Сөз арасында ауылда жемшөптің қымбаттап кетуін айтып, бұл мәселені шешуді тапсырды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үкімет әкімдермен бірлесіп жемшөптің қымбаттап кету мәселесін шешуі керек. Бұл - кәсіпкерлер үшін басты тежеуші факторлардың бірі. Бүгінде жемшөп бағасы ауыл тұрғындары шығынының үштен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, отбасылық фермерлікті белсенді түрде дамыту қажет. Бұл әлемдік тәжірибеде кеңінен таралған. Мемлекеттік бағдарламада үй шаруашылықтарына жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Осы жылы 1300 отбасылық ферма мен шағын фермерлік шаруашылық қаржыландырылды», - деп жазды Президент.

Жұлдыз Өмірғали: «Басқа әйелмен тұрса да, маған тек бар болғаны керек»
Түркістан жұртшылығы Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу