Лейкозға шалдыққан балалар елімізде тегін емделетін болды

Oinet.kz 24-09-2019 838

Screenshot_18.jpg

Көрнекі сурет

Лейкозға шалдыққан балалар енді шетел жағаламай, өзімізде-ақ емделуге мүмкіндік алады, деп хабарлады «Хабар 24» порталына сілтеме жасаған Oinet.kz

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының мамандары осындай бастаманы жүзеге асырмақ. Бұған толық негіз бар дейді. Өйткені, медициналық орталық қатерлі ісікті емдеуге арналған ең соңғы технологиялармен жабдықталған. Соның арқасында жыл басынан бері 130-дан аса адам ем алып үлгеріпті. Оның ішінде балалар да бар. Бүгін орталықтың тыныс-тіршілігімен Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.      

Ержан Шаяхметов, ұлттық ғылыми медициналық орталық бөлімінің меңгерушісі: - Мұндай емнің түрлері қалтаға біраз салмақ салары анық. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі жерлестеріміздің тегін негізде ем қабылдауы үшін арнайы квоталар бөледі. Бұған қоса алыс-жақын шетелдерден келіп, өз қаржысына емделетіндер де бар. Осы арқылы елдегі медициналық туризмнің дамуына серпін беруге болады деп ойлаймын,- дейді.

Елордада 5 жасар қыз төртінші қабаттан құлап кетті
Назарбаев халықаралық қылмыстық топтардың тізімін жасауды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу