Жарасқан Әбдіраш. «Алфавит сыры»

Oinet.kz 26-09-2018 1322

Алфавиттің

А тұрады басында,

Әрқашанда

Ә тұрады қасында,

Байқадың ба?

Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде?

Түсінші:

А деген ол –

Аналар ғой, ардақты,

Ә деген ол –

Әкелер ғой, салмақты.

Б деген ол –

Балалар ғой әдемі,

Біздің елде

Үшеуі де кәделі…

Алшақ кетпей,

Сондықтан да расында,

Тұрады олар

Алфавиттің басында!..

Жарасқан Әбдіраш. «Нүкте»
Балаларын митингке ертіп шығатын ата-аналарды жауапқа тартуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу