Жарасқан Әбдіраш. «Алматы – бас қалам, Жас қалам – Астана»

Oinet.kz 26-09-2018 1319

Без названия (1).jpg

Қарт Алатау – қазақтың қара шалы,

Өрлігіне кім оның таласады?!

Елге ғана осындай таулары бар,

Алматыдай бас қала жарасады!..

Салады еске сарыарқа алашаны,

Кеңдігіне кім оның таласады?!

Елге ғана осындай даласы бар,

Астанадай жас қала жарасады!..

Алматының төрінде қара шалы,

Ал Астана – керілген дала сәні!..

Алатауда – қазақтың алған шыңы,

Сарыарқада – қазақтың болашағы!..

Балаларын митингке ертіп шығатын ата-аналарды жауапқа тартуы мүмкін
Жарас Сәрсек. «Қарадала»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу