Әзербайжанның ұлттық кітапханасында Қазақстан әдебиет және мәдениет орталығы ашылды

image.png

Қазақстан халқының тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономика, саясат, әлеуметтік саладағы жетістіктері, классикалық және қазіргі заманғы проза мен поэзияның әдеби қоры жайлы білім тарату мақсатында Әзібайжанның М.Ф.Ахундов атындағы Ұлттық кітапханасында әдебиет және мәдениет орталығы ашылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан әдебиет және мәдениет орталығының ашылу салтанатына Г.Әлиев атындағы қордың вице-президенті Лейла Әлиева, Әзербайжанның Мәдениет министрі Абульфас Гараев, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, Қазақстанның Әзербайжандағы уақытша сенімді өкілі Дархан Көшербаев, М. Ахундов атындағы Ұлттық кітапхананың директоры Керім Тахиров, Қазақстан Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының орынбасары Әлия Қожабекова, Әзербайжанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шетелдік кітапханалардың басшылары, мәдениет қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мұнда елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі туралы кітаптары, сонымен қатар белгілі қазақстандық авторлардың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жұмыстары қойылды. Кітапханаға барлығы 200-ден астам кітап сыйға тартылды. Бұл кітаптар оқырмандардың қызығушылығын арттырып, қазақ халқының мәдени құндылықтарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталықтары әлемнің 32 кітапханасында ашылған. Яғни, Оңтүстік Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Македония, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Конгресс кітапханасы және Нью-Йорк көпшілік кітапханасы), Румыния, Иран, Бразилия, Удмуртия, Германия және тағы басқа елдерде қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталықтары жұмыс істеп тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысының медициналық мекемелеріне 223 дәрігер маман жетіспейді
  • Қорғаныс министрі Арыстағы әскери жауынгерлердің өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
  • Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
  • Қазақстанда алдағы күндері қар жауады
  • Қарағандыда қасапхана бекеті ашылды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика