Мемлекет басшысы Асқар Мамин мен Дариға Назарбаеваны қабылдады

Oinet.kz 30-09-2019 1671

Картинки по запросу ТОқаев мамин

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, жеп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Премьер-Министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды. 

Сенат Төрағасы Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Нұр-Сұлтандық мұғалім қалай ай сайын 380 мың алып отыр?
10 мыңнан астам адамды қонақ еткен той иелері Гиннестер рекордына енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу