Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жарқын болашаққа бастар сәтті қадам

Oinet.kz 02-10-2019 1021

Screenshot_2.jpg

Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіріп, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендететін қоғам індеті.

Сол үшін де, бүгінгі күні мемлекетіміз  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің салдарымен күресуге емес, алдын алуға баса назар аударуда. 

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен Департамент жанынан құрылған «Парасаттылық мектебінің» лекторлық және Арнайы мониторингтік топ мүшелері облысқа қарасты Келес ауданында болып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына  түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

700-ге жуық аудан тұрғындары қатысқан шараға 14 мекеменің, оның ішінде мәслихат депуттары мен құқық қорғау органдары, аудан әкімі аппараты мен оның дербес бөлімдері, мемлекеттік кірістер мен статистика, кәсіпкерлер  мен төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жастар, дін және этно-мәдени бірлестігі, жұмыспен қамту  және халыққа қызмет көрсету орталығы, мектеп директорлары мен  ата-аналар, сондай-ақ әскери бөлім мен медицина саласының қызметкерлері қамтылды.

Screenshot_5.jpg

Жиында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы шешіміне сәйкес,  қайта құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты миссиясы -  ел игілігі үшін сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу екендігі атап өтіліп, барлық бастамалар  әділдік, парасаттылық, сенім құндылықтары негізінде жүзеге асырылатыны жеткізілді. 

Түсіндіру жұмыстары барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.

Жиында «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев пара беруші азаматтар да қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізіп, жиынға қатысушыларға, оның ішінде  ұстаздар қауымына, ата-аналарға және мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға және ұсынуға болмайтындығын  ескертті.    

Screenshot_6.jpg

Сондай-ақ, шараға аудандық дін өкілдері де белсене атсалысып, 

Шара соңында аудан әкімі Ақментай Есбаев пен шараға қатысқан барлық мекеме қызметкерлеріне арнайы әзірленген Агенттіктің жаңа имиджі туралы ақпараттық кітапшалар таратылды.

Қанат Ислам Геннадий Головкинді сынға алды
Нұр-Сұлтандағы электробустарда жол жүру ақысы қанша теңге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу