Маған да азан оқып берші

Азан шақыру.jpg

Далада бір топ бүлдіршін ойынның қызығына түсіп жатқан. Араларында Махзура да бар еді. Кішкентай Махзура азан шақырғандай даусын созып, өз қылығына өзі тырқылдап күліп тұрған. Тура сол сәтте балалардың қасынан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өтіп бара жатты. Махзураның оқыған азанын естіп, кішкентай баланың жанына барып күлімсіреген күйі:

Қанекей, маған да азан оқып берші! — деді.

Сонда барып ісінің дұрыс емес екенін байқаған бала, ұялғанынан төмен қарады. «Қазір Пайғамбар маған ренжісе не істеймін?» — деп ойлады ішінен. Бірақ бойын тез жинады. Өйткені сүйікті Пайғамбары өзінен азан оқуын сұрап тұр ғой! Тамағын бір кенеп алды да, бар өнерін салып, азанды нақышына келтіріп оқып шықты. Бірнеше қатесі бар еді. Пайғамбарымыз жаңылысқан жерлерін түзетті. Сосын арқасынан қағып:

— Ой, бәрекелді, жарайсың! Алла берекетін берсін! — деді.

Махзура таң-тамаша! Ұрсуын күтіп тұрғанда, қайта мақтау естіді! Бұған қоса батасын алды! Пайғамбарымыздан бата алу жұрттың бәрінің арманы болатын. Балақайдың кіп-кішкентай жүрегі қуаныштан жарылып кетердей дүрсілдеп қоя берді.

Махзура балалық шақтың осы қымбат сәтін ешқашан ұмытпады. Үлкейгенде Мәдина қаласында ұзақ уақыт муаззин (азан шақырушы) қызметін атқарды.

Алла тағаланың адамзатқа кемеңгер тәрбиеші етіп жіберген елшісі Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) балалардың жағымсыз қылықтарына еш уақытта ашу шақырмайтын. Жасаған қателігінің жібін жатқызып, жақсылыққа қарай жетелей түсетін. Іс-әрекетінің қасында әрдайым дұғасы ілесе жүретін.

ОҚО Орталық мешіт

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрманғазы қасқырды қалай алдады?
  • Туысқанға көмектессең табысың артады
  • Ата-әже деген керемет қой...
  • Абысын араз болса, ағайынның сәні кетер...
  • Өтелмеген қарыз маза бермеді
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика