Нельсон Мандела - өлімнен қаймықпаған жеңімпаз

Oinet.kz 19-05-2019 1191

Қазірде мотивациялық тренингтер мен кітап саудасы қарыштап тұр. Толқынмен жағаға шығып, суға ұмтылған балықша мотиваторлардың тренингіне қатысып, кітабын алатын адамдар көп. «Қоғам өмірінен тыс қалған индивид» деуге келмейтін белсенді тұлғалардың әрекеті таңданыс тудырады. Әлемдік және отандық бірнеше мотивациялық авторларды оқып қарадым. Еліміздегі танымал мативатор Қуаныш Шонбайдың өзі кез келген мотивацияның ғұмыры үш күндік екенін айтады. Яғни әрекет болмаған жағдайда ең мықты мотиватордың тренингі де 0-ге тең. Идеяны әрекетке айналдыру үшін мықты тұлғалардың биографиясын оқудың өзі жігерге құйылған инвестиция. Назарларыңызға Оңтістік Африка Республикасының тұңғыш қара нәсілді президенті Нельсон Манделаның өмірдерегінің жарқын сәттерін ұсынамыз.

9def1c60bd7c1fdfda977fdba3cc657d.jpg

Қоғамда қалыптасқан стереотиппен күресудің өзі психологиялық мықтылықтан туындайды. Шалғай ауылда дүние есігін ашқан Нельсон ақ нәсілділер мен қара нәсілділердің жіктелуін көріп өсті.. Амбиция тұрғысынан емес, тұлғалық тұғырда «тұңғыштықты» бала жастан бастан өткерді. Манделалар әулетінде сауат ашқан тұңғыш адам болды. Жоғары білімін заң саласында жетілдірді. Африка Ұлттық Конгресінің құрамына 26 жасында-ақ қабылданды. Дәмханадан сусын ішу үшін де терінің түсі маңызға ие елде позициясы бекіді. Саяси құқыққа тек ақтар ие қоғамда көзқарасын тұншықтырмай әрекеттерімен безей түсті. Бейбіт шеруге шыққан халыққа атылған оқтың екпінімен «Ұлт найзасы» жауынгерлік қанатын құрды. Манделаның найзасы күллі Африка халқының игілігі үшін сермелді. Нельсон 1962 жылы өлім жазасына кесілді. Кейіннен өмірбақи бас бостандығынан айыру туралы үкім оқылды. Адам құқықтарын қорғау үшін жасаған әрекеті оны 27 жыл бас бостандығынан айырды. Оған деген халық ықыласы темір торда отырса да үдей түсті. Ол халықтың апартеид саясатына қарсы пікірінің символы, әр сананың бостандығы жоқ түкпірінде өмір сүретін ой еді. Президент Ф.Вде Клерктің шешімімен 1991 бостандыққа қол жеткізді. 1994 жылы жалпыға бірдей сайлау құқығының принципі бойынша ұйымдастырылған алғашқы сайлауда жеңіске жетті. Солай ел тарихына тұңғыш қара нәсілді президент болып енді.

Президент болып сайланғанымен қоғамдық құрылысты ә дегеннен өзгерте алмады. Ақтар мен қаралардың аймағы әлі де бөлек болатын. 1995 жылы ОАР-дың регбиден ұлттық құрамасымен бірлеседі. Команданы апартеидке қарсы әрекеттердің символы ретінде бағалады. «Спрингбокс» құрамасы қара нәсілділердің аймағына президент өтінішімен бас сұқты. Дамуы кенжелеп қалған адамдардың тұрмысы команда мүшелерін қайран қалдырды. Олар терісінің түсіне бола осыншалық шектеуге душар болған халыққа мейіріммен қарады. Команда жеңіс үшін тер төкті. Тіпті матч алдында автобуста бүкіл команда мүшелері үнсіз ой шырмауында болатын.

Регбиден Африка чемпиотанының финалы. Соңғы матч Жаңа Зеландия және ОАР құрамсы арасында өтеді. Ойын басталуға аз қалғанда стадионда жел пайда болды. Адамдардың жанарына үрей ұялады. Кенет көктен тікұшақ көрінді. Алаң ортасына қонған ұшаққа көрерменнің көзі төрт болды. Есік ашылып ішінен ел президенді Нельсон Мандела шықты. Қос команда мүшелеріне де сәттілік тілеген елбасы ОАР құрамасына жасымас жігер сыйлады. Трибуна түгелімен «Нель-сон, Нель-сон» деген шуға бөленді. Елдің ыстық ықыласы санадағы айқайы мен күресін сыртқа шығарып, үміт отын маздатқан еді. Жеңіс Оңтүстік Африка құрамасына бұйырды. Нельсон ешқашан ұсақ деген нәрсенің өзін назардан тыс қалдырмайтын. Сонысы үшін де жеңімпаз болды.

8bedd3cba3e88e2a6f3ef1d016c5baed.jpeg

Ұтымды әрекет етуге бейім Мандела отырған камерада арнайы балауыз мүсіні бар. Үстел үстінде ой құшағында отырған Нельсонның жанарында үміттің оты маздап тұр.

Нобель сыйлығын алса да, өзінің проблемаларға ашқан күресін доғармады. Ғасыр індетіне айналған СПИД-пен де күресті. Нельсон Мандела 2013 жылы дүниеден өтті.

P.S. Кейде мақсат жолымнан ауытқығым келсе, Нельсон Манделаны еске аламын. Табанды шешімі үшін өлімге де қасқайып қарсы тұра білді. Мен жоспарларым мен болашағым үшін таңғы сағат төртте ұйқымнан тұра алмаймын ба? деп оятқыштың алғашқы шырылынан соң-ақ атып тұрамын. Өмірде уақыт пен бақыт қатар берілмейді. Ел бақыты үшін өз уақытын құрбан еткен кейіпкерім мейірімге жетелейді. Әр сананың тұтқынында отырған ой бар. Сол ойды жүзеге асырыңыздар. Менің ойым тұтқында қалса, сіз қазір бұл мақаланы оқымас едіңіз. Мені банк қызметкері не дәрігер ретінде жолықтыруыңыз бек мүмкін еді. Күрестер жеңіске жетелейтініне сеніңіз, сонда өзгелер сізге сенеді.

Балерке ӘСІЛХАН

Қалай бақытты болуға болады?
Ералхан Әбіш әйелін неге ренжітіп алды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу