Әйгілі журналист сахнаға ішіп шығатын қазақ әншілерін сынға алды

Oinet.kz 26-01-2019 2711

Елімізге танымал журналист, продюсер Әлия Құдайбергенова аты шыққан әншілердің жұрт алдындағы теріс әрекетін қатаң сынға алды деп жазады NUR.KZ.

Журналист бұл жазбасын Facebook парақшасында жариялаған.

"Ішіп алып, теңселіп тұруды зор санайтын, "өнерін" бақ санайтындарға арналады. Құрметті әншілер, біреудің аңсап жеткен қуанышына, концертке ішіп-шегіп шығуды қою керек.

Сахнаның болмаса да, өнердің киесі барын ұмытпаңыздар. Бәріне бірдей күйе жақпаймын. Өнерде тәрбие көргендер де бар. Бірақ, кей әртістер тым еркінсіп кеткен.

Барлығы да сенің "арағың" бетіңе шыға жаздаған түріңе қарап, әніңді тыңдап отырған елдің арқасы екенін ұмытпай, бір сәт тәубеңе келу - әрбірден соң ардың ісі!

Мен күніне болмаса да, күнара талай жарымжан, бағы тайған, тағдыры аямаған, жылаған жандардың көз жасын сүртіп, маңдайынан сипап отырған хабардың продюсерімін.

Өмір, уақыт, адамдар соншалықты қадірсіз емес екенін жақсы білемін. Сондықтан шығар, титтей ерсі дүние жүрегімді ауыртып, жүйкеме тиеді.

Жоғарыдағы әншілердің аттарын атаудың қажеті жоқ. Этикаға сай олай жасамаймын. Жазғандарымның бәрі түрлі кеш пен тойдан түйгенім", - деп сөзін аяқтады продюсер.

Белгілі дінтанушы әйелдерді үйден шығармаған молдаларды қатаң сынға алды
Димаш Денис Тен туралы ән айтып, жылап қалды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу