Сауль Альварес мансабындағы ең мықты қарсыласын атады

Oinet.kz 31-10-2019 3049

aeaf7cd82a2528128ab0f5ada966000c_XL.jpg

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Ресей боксшысы Сергей Ковалевке қарсы жекпе-жек алдында кәсіби мансабындағы ең мықты қарсыласты атады деп хабарлайды Sports.kz

"Ковалевтің қолдары ұзын және оның джебі жақсы. Ол рингте қалай жұмыс істеуді біледі. Бірақ біз бұған дайынбыз. Ол менің ең мықты қарсыласым.

Бұл жекпе-жекте үлкен тәуекелге барамын. Бірақ біз кездесуге дайынбыз. Менде Ковалевті жеңе алатын ақыл да, күш те бар", - дейді мексикалық спортшы.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль Альварес пен ресейлік боксшысы Сергей Ковалев арасындағы жекпе-жек 2 қараша күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтеді.

Канело: «Мен Головкинді тағы жеңемін. Тіпті нокаутқа түсіремін»
«Астана» футбол клубы алтыншы мәрте Қазақстан чемпионы атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу