Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды

Oinet.kz 21-11-2019 924

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) кеңесінің Монакодағы отырысында Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу Ольга рыпакова

ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Ольга Рыпакова атлеттер комиссиясына тағайындалуы туралы пікір білдірді.

«World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болу – үлкен абырой. Өйткені, ол – жеңіл атлетика ұйымдары мен жарыстарына басшылық ететін жоғары орган. Оның құрамында болу – спортты жақсартатын ұсыныстар айту мүмкіндігі. Өзге әріптестерімді де осы комиссияға мүше болып сайлануымен құттықтаймын. Біз бірге көп шаруа тындыра аламыз. Өзіме білдірілген сенімді ақтап, еліміздің атынан «World Athletics» құрамында лайықты жұмыс істеуге барымды саламын», – деді спортшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу