Бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті

Oinet.kz 09-01-2020 686

Без названия.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында әлемде қалыптасып отырған проблемалдарға тоқталып өтті.

  - Бүгінде дүние жүзінің бірқатар интеллектуалдары классикалық капитализм дағдарысқа тап болғанын ескертіп, оның болашағына күмәнмен қарайды. Себебі әлемде бай мен кедейдің, білімді мен білімсіздің, қала мен ауылдың арасы алшақтап кетті. Бұл үдерістің қарқыны барған сайын күшейіп келеді. Бизнес тек пайда көздесе, білімділер бөлек орта қалыптастырды, әрқайсысы өздері үшін ғана жауапкершілік арқалайтын болды,-деп жазған президент мақаласында.

Сонымен бірге президент мақаласында:

-Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы тұруы керек деп санаймын,-деген.

 

 

 

 


Иран АҚШ-қа қарсы шабуыл бастады
Жезқазғанда жас дәрігерлер баспаналы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу