Елбасы «Нұр Отанның» кеңейтілген отырысын өткізеді

Oinet.kz 31-01-2020 682

2019-01-28-nur-otan-st-500x300.jpg


Наурызда Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады. 

«Партия тұрақты негізде жұртшылықты қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін өз алаңдарында жариялы түрде талқылайды. Биыл наурызда Елбасының қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Қаралатын мәселелердің бірі – партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы және партияішілік тәртіпті сақтау жайы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партиялық бағдарламаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылу қорытындысы шығарылады. Биыл біз партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2025 жылға дейінгі екінші кезеңін іске асыруды бастаймыз», - деді Бауыржан Байбек бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің алқа мәжілісінде.





Пара алған әкім неге тұтқындалмады?
Әлнұр Мұсаев: «Айсұлтанды саяси мақсатта пайдаланғысы келетіндер көп»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу