Дариға Назарбаева: «Cапасыз құрылыс адам өміріне әсер ететінін де ұмытпаңыздар»

Oinet.kz 21-02-2020 1058

Бүгін, Сенатта Қызылорда облысының күндері өтті. Делегацияны бастап келген Қызылорда облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақановқа Сенат спикері өз ақылын айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

710a990d5f05200dfdda80d7d5984.jpg

Жақында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыстық қоғамдық кеңес алдындағы есебінде қаладағы "Қорқыт Ата" әуежайының кұрылысы биыл басталатынын айтқан. 

Енді Сенатқа келген облыс әкімінің орынбасары басында бұл жоба 19 миллиард теңгеге бағаланғанын, алайда аймақ үшін бұл ақша көп екенін айтып отыр. Енді жоба қайта қаралады екен. 

- Конкурста жеңіске жеткен BI Civil Construction ЖШС компаниясы өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Нәтижесінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазір жобаның құнын қарастырып жатырмыз. Біз олардан бұл жоба 14 миллиард теңгеден аспауы керек деп айттық. Бұл біздің аймақ үшін тиімсіз. Компания енді жабдықтарды басқа материалдарға ауыстыруды қарастырып жатыр. Жақын арада нақты шешім қабылдаймыз. Кейін мәселелер туындамас үшін халықтың талқысына салып, ақылдасамыз, - дейді Бақыт Жақанов. 

Оның айтуынша, биыл 29 наурыздан бастап Ресейдің "Аэрофлот" компаниясы халықаралық "Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері екі арада әуе қатынасын бастайды екен. Ал жазда БАӘ, Түркияға ұшатын чартерлік рейстер ашылады екен. Қазіргі әуежай техникалық жағдайларды қамтамасыз ете алмайды, халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.

4b9accb49ef7e2b0d4e44dc6c7cee9ef.jpeg

Ал Сенат спикері Дариға Назарбаева Қызылорда облысындағы жаңа әуежай құрылысының сапасына назар аударуға кеңес берді.

- Бәріміз де Қызылорда қаласында жаңа әуежай салу идеясын қолдаймыз. Тек жобаға мұқият қарауымыз керек. Сметалық құжаттарын дұрыстап қарап, сараптама жүргізу қажет. Сол кезде сұрақтар туындамайды. Сосын үнемдейміз, сапасыз заттарға ұрынып қалмаңыздар. Ең дұрысы, бір рет сапалы түрде қымбатқа салып, ұзақ пайдаланған тиімді болады-ау. Әйтпесе, арзанның құны татымас. Келесі жылы қайта жөндеу жұмыстарын жасап жүрмеңіздер. Бұл жерде сапасыз құрылыс адам өміріне әсер ететінін де ұмытпаңыздар, - деді Дариға Назарбаева.

Алматыда 8 сынып оқушысы жоғалып кетті
Бас прокуратура Аблязовқа қатысты тың мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу