Қару ұрлаудың ақыры әскерилер арасында тұтқындауларға ұласты

Oinet.kz 25-02-2020 792


E2FA4A57-1FCD-4B88-9B91-463C25F77F67.jpeg

Бадамдағы әскери бөлімнен қару ұрлаған сарбаз қызмет еткен дивизияның командирі ұсталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ішкі істер министрлігі бірнеше бап бойынша қылмыстық істі тіркеді - 291 ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") және 453-баптар ("Қызметке салғырт қарау") бойынша. 20 ақпанға қараған түні сержант Балғымбаев екі сыбайласы- 1995 және 1996 жылғы достарымен 29 автомат, 24 тапаншаны алып кеткен. Жедел-тергеу тобы ҰҚК мен ІІМ өкілдерімен бірігіп, қашқандарды ұстады, қарулар тәркіленді", - деді Әділов.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі әскери бөлімде қаруларды түгендеп жатыр.

"Үш лауазымды тұлға - дивизия командиры, жедел кезекші, қатардағы келісімшарттағы жауынгер әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін, немқұрайлық танытқаны үшін ұсталды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

 Қаңтар айының соңынан ақпан айының ортасына дейін сарбаз қару сақталатын жерден 1-2 қарудан ұрлап жүрген. Кейін бұл қылмысқа достарын тартқан. Қарулардың басым бөлігі 20 ақпанға қараған түні ұрланған", - деді Санжар Әділов.

Сарбаз 120 мың теңгеден екі тапаншаны сатып үлгерген. Ал қалған қаруларды оның достары сақтаған.



5 балалы жалғызбасты ана жертөлені пана етуде
Қаржы пирамидалары 5 млрд-тан аса шығын келтірген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу