Су тасқынынан келген шығын айтыла бастады

Oinet.kz 03-05-2020 697

Screenshot_8.png

Мақтааралдағы су тасқынынан келген шығынның көлемі аз болмайтын сияқты. Су басқан ауылдардағы тұрғын үйлердің көпшілігі толығымен бүлінген. Диқандардың еккен егістігі жарамсызданған. Мал шығыны да аз емес. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары  жүргізген  зерделеу жұмыстары барысында су тасқыны кезінде Жаңа жол мен Еңбекші  ауылдық округтеріндегі 3 елдімекенде 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарының бүлінгені анықталып отыр.  Алдын ала болжамдық есеп бойынша мұның шығыны  -181,1 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта -148 миллион теңге,  42 гектар жоңышқа - 2,1 миллион теңге,  150 гектар бақша - 30 миллион теңге, 10 гектар жүгері - 1 миллион теңге деп есептеліп отыр. Сондай-ақ, аталған 4 елдімекенде 5335 мал басы тіркелсе, оның ішінде 799 мал өлген. Оның 328-і ірі қара, 361-і ұсақ мал, 53-і жылқы, 57-сі түйе. Малдың жалпы шығыны 249 миллион теңгені шамасында. 

Төтенше жағдай жөніндегі штабтың таратқан мәліметі бойынша Мақтаралдан -46-ы, Жетісайдан -10, Шардарадан -5, барлығы 61 ветеринарлық дәрігерлер Жантақсай, Фердоуси елді мекендеріндегі 3686 малды эвакуациялау жұмыстарын толық аяқтады. 

Дегенмен су басып қалған аймақтарда қанша малдың суға кеткенін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Өйткені су басқан аймаққа кіру мүмкін емес. 


Мырзакенттің халқы түгелдей көшірілді
Тасқын қаупін әкімнің өзі әлеуметтік желіден білген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу