Нұртөре Жүсіп көтерген бес мәселе

Oinet.kz 14-07-2020 1449

Сенатор Нұртөре Жүсіп қазіргі кезде мән берілуі керек басты мәселелерге тоқталды.
Нұртөре Жүсіп: Бұл Заң бұрынғы заңнан өзгерек«Бірінші, елді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. «Дәріханаларда дәрі-дәрмек толып тұр» деген ақпарат бар. Ол неге елге жетпейді? Әр облыс халқына қажет дәрі-дәрмекті дереу жеткізудің не қиындығы бар? Дәрі-дәрмек тапшылығын қолдан туғызып отырғандар болса, дереу анықтап, жазалау қажет.⠀
Екінші, жекелеген азаматтар өз қаржысына дем алдыратын аппарат алдыртып жатыр. Осы жабдықтарды кедендік рәсімдеу, жедел қажетті аймақтарға жеткізу ісінде үйлесімді әрекет жоқ. Қазір әр минут қымбат. Шабандық жіберген сайын адам шығыны көбейе бермек.⠀
Үшінші, Президент «Біз жұмыстың тәсілдерін үнемі өзгерте береміз. Бұрынғы басшылық аяқ астынан науқастарды симптомды және симптомсыз деп бөлу керек деп шешті. Қазір бұл әдістемеден бас тарттық. Міне осындай әрекеттер халық арасында күмән туғызады», - деді. Жұмыс тәсілдерін өзгерте беруден опа таппаймыз. Барды бар, жоқты жоқ деп айтудың қаншалық қиындығы бар екенін түсінбеймін. Осы ретте қашықтан жұмыс істеуге жіберілген, шағын және орта бизнесі тоқтап қалған, күнкөріс жағдайы қиындаған азаматтарды есепке алып, мемлекет тарапынан тиісті қолдау шараларын жасау қажет деп білемін.
Оқу қандай жағдайда жүреді? Министрлік ұсынып отырған үш нұсқаның ең тиімдісі қайсы? Осы мәселеде де анық ақпарат қажет. Ата-аналар балаларын мектепке дайындау ісінде мемлекет тарапынан нақты жауаптар күтеді. Оқулықпен қамту ісі де назарда болуы тиіс.
Бесінші, жаз ілезде өтеді. Күз келеді. Қыс келеді. Қысқа дайындықты қазірден бастау қажет. Жаз мезгілінде піскен жеміс-жидектен тосап қайнату, дәрілік шөптерді жинау, құрамында дәрумен мол азық-түлік қорын жасау да кезек күттірмейтін шаруалар. Ашығын айту керек, халық түрлі қиындықпен бетпе-бет қалды. Әр азамат, әр отбасы, әр әулет амандықтың қамын жасамаса болмайды. Өз денсаулығымызды, жақындарымыздың денсаулығын ойласақ, қамсыз, қарекетсіз отырмауға тиіспіз. Қатерлі індеттен құтылудың барлық шарасын жасау қажет. Онсыз ат төбеліндей халқымыздың басы қатерге тігіледі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай” деді Нұртөре Жүсіп

Оқушылар күзде мектепке бара ма әлде онлайн оқи ма? Министр жауап берді
Елбасы мафияға теңеген «СК-Фармация» қызметкерлері орта есеппен 852 мың теңге жалақы алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу