Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі төраға болып сайланды

Oinet.kz 25-09-2020 795

Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың жағдайы мен болашағы талқыланды. Бұл туралы аталған министрліктің сайты хабарлады. 

ea392ad8563cdebbedb66ec3ec4a883e-big.jpg

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Кеңестің негізгі міндеттерін түсіндірді.  Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Кеңестің міндеті - мемлекеттік саясаттың бақыланатын басым секторларында жүктелген міндеттерге қол жеткізу үшін Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Басқарушы кеңестің құрамына сонымен бірге «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р. Ошақбаев, «DAMU Research Group» ЖШС басшысы Т. Айсауытов,Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды бағалау және мониторингілеу орталығы жанындағы Сараптамалық-талдау тобы жетекшісінің орынбасары И.Елекеев кірді.

Олжас Құдайбергеновтің бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарғаны белгілі.


Алматыда Жанболат Мамай бастаған белсенділер митинг өткізіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бірінші толқынына туралы ойын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу