Мирзияев пен Арипов аудан әкімдеріне сөгіс жариялап, қызметтен босатты

Oinet.kz 07-04-2019 841

Screenshot_1.jpg

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев мемлекет бюджеті талқыланған видеоселекторлық жиында шенеуніктерді  қазынаға жеткілікті деңгейде кіріс кіргізе алмағаны үшін қызметтен босатты. Бірінші кезекте Шайхантахур ауданының әкімі мен оның орынбасары креслоларын тапсырды. Және аудандық мемлекеттік кірістер инспекциясының басшысы да қызметсіз қалды. Бұл жөнінде өзбекстандық Nuz.uz порталы хабарлайды.

Бұл жерде басты себеп - болжам бойынша жиналуы тиіс болған салықты аталған аудандағы шенеуніктер жинай алмаған. Естеріңізде болса, өткен аптада премьер-министр Абдулла Арипов межені орындай алмай жатқан бірнеше аудан әкіміне сөгіс берген болатын. 

Screenshot_2.jpg

Түркістан облысындағы аудандарға 1 млрд теңгеден беріледі
Президент облыстарда медицина саласында мәселелер барын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу