Сыбайластықтың «көкесі» жер саласында

Oinet.kz 22-03-2019 888

Screenshot_4.jpg

Сыбайластықтың көкесі жер саласында. Оған мысал жеткілікті. Байқайсыз ба, облыста кейінгі кездері істі болған шенеуніктердің көпшілігі «жер алып беремін» деп, «құдай ұрып» қалғандар. Күні кеше қаржы полициясының құрығына 750 мың теңге пара алу үстінде түскен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары да параны әлдебір азаматқа 5 гектар жер бөліп беремін деп алған екен. Атам қазақ даудың үлкеніне балаған жерге қатысты айқай-шу, соттасудың өршіп тұрғаны  да жасырын емес. Мұның астарынан да сыбайластықтың ізі байқалады.

 «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес бекітілген жоспарына сәйкес партияның облыстық филиалындағы партиялық бақылау комиссиясы мен жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінен  құрылған эксперттік комиссия жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің облыстағы мекемелері мен облыстағы жер саласындағы мекемелерінде жемқорлықтың алдын алуға байланысты тексеру жүргізді. Оның қорытындысы жуырда жария етілді. 

-Жер ресурстарын басқару агенттігі «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Шымкентгеодезия» филиалында жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмеуінің салдарынан болар, 2010-2012 жылдың 1 тоқсан аралығындағы  мерзімде Қаржылық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша инспекциясы тарапынан бірқатар қаржылық кемшіліктер анықталған,--деді эксперттік комиссияның жетекшісі Сержан Тұрсынбеков. Аталған мекеменің басшылары заң талаптарын сақтамай, 2011 жылдың 1 қаңтары мен 2012 жылдың 1 қаңтары аралығында филиал директоры Е.Букановқа-1 573 100 теңге, бас инженер Р.Байсалбаевқа—1 243 600 теге, бас есепші Ж.Бекбосыноваға—882 100 теңге үстемақы негізсіз төленген. Мекемеде жемқорлыққа қарсы күрес шаралары мүлдем дерлік жүргізілмеген. Тіпті арыз-шағым жәшігі, сенім телефоны жөніндегі мәселелер биылдың 2 мамырында «Қазгедезия» республикалық   кәсіпорнының басшысының хатынан кейін ғана қойылған. 

-Осыған орай «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысына тиісті ұсыныстар беру керек деп есептейміз,--деді С.Тұрсынбеков.

Арыз-шағым жәшігі демекші, эксперттік комиссияның мүшелері Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімінде мөрленбеген, жауапты азаматтардың аты-жөндері көретілмеген сенім жәшігін бөлім қызметкерлерінің көзінше ашқан. Жәшіктен бөлімінің бұрынғы бастығы С.Жансейітовтың атына жазылған екі арыз табылыпты. Арыздың бірі 2010 жылдың 1 қарашасында, екіншісі 2011 жылдың 6 қаңтарында жазылған. 

-Яғни, жәшіктің 2010 жылдың қарашасынан бері, яғни бір жарым жылдан бері  ашылмағаны анықталып отыр. Біз арызды 2011 жылдың 6 қаңтарында тастаған Шутова деген азаматшамен телефон арқылы хабарласқанымызда ол мекемеге  2010 жылдың желтоқсанында келіп құжаттарын ала алмағанын, осыдан кейін 2011 жылдың 6 қаңтарында тағы келгенімен құжат беретін операциялық залдың істемей тұрғандығын айтты,--дейді эксперттік комиссияның мүшелері. 

Тексеру қорытындысы бойынша жоғарыдағы аталған мекемелердің басшыларына бірқатар ұсыныстар берілді. 

Мұрағаттан, 31.05.2012 ж

Адвокат Кемердің көлік апатына ұшырағаны рас па?
Бас бәйге Бәйдібек ауданында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу