Бауыржан Байбек Елбасына ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов туралы ойын айтты

Oinet.kz 20-12-2020 5512

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Елбасына ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов туралы ойын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәди Ахметов.jpg

- Мәди Ахметов Алматы қаласында ескерткіш қойылсын деп айтты. Алматы - Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Алматы - Қазақстанның астанасы болды. Осы қалада Елбасының шешімімен негізгі құжаттар қабылданды.  Біздің Ата заңымыз, Бостандық декларациясы, Ұлттық валютамыз. Алматы қаласының астана статусы кезінде Елбасының шешімімен Елордаға көшірілді. Сол арқылы біз жерімізді сақтап қалдық. Оны ешкім түсінген жоқ. Солтүстік Қазақстанда қазақтар аз болды ғой. 

Елбасының еңбегі өте зор. Мысалы шекараға келетін болсақ, Елбасының арқасында қазіргі шекарамыз бекітілді. Бізде ешқандай проблемалар жоқ. БҰҰ мәліметі бойынша, 60-қа жуық ел әлі шекара мәселесін шешкен жоқ. Тек Қазақстан мен Түрікменстан толық шекара мәселесін шешті. Сол үшін неге Елбасына ескерткіш қоймасқа? Мысалы АҚШ негізін қалаушы Вашингтон аэропорты бар. Түркияда Ататүрікке ескерткіш бар. 

Жалпы, Мәди Ахметовтың ұсынысы дұрыс деп ойлаймын. Мәди Ахметов - Алматы қалалық Жас Отанның басшысы. Алматы секілді үлкен қалада Жас отанды басқару өте қиын. Және Мәди Ахметов мәжіліске үміткерлер тізіміне праймериз арқылы өтті, - деді Бауыржан Байбек.  

Ең жас депутат Мәди Ахметов ата-анасы кімдер екенін айтты
Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. 2 министр ауысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу