Досыбай Шерімқұлов: Қалада құрылысқа ыңғайлы басқа да жер телімдері бар емес пе?

Oinet.kz 29-01-2021 2949

OINET.KZ - Тұрғындар арасында үлкен резонанс тудырған үшінші мегаполистегі ипподромның «жыры» әлі бітпей тұр. Шаһардың тарихи әрі маңызды нысаны сүріліп, орнынан тұрғын үй орамының бой көтеруіне қарсылар да, қолдаушылар да ортақ келісімге келе алмауда. Осы мәселе төңірегінде қоғам қайраткері Досыбай Шерімқұловтың пікірін білген едік.

Қоғам қайраткері.jpg

Халықтың алаңдаушылығын орынды деп есептеймін 

– Ипподром, оның айналасында дендробақ, зоопарк, «Тұлпар» көлі уақтысында облысты басқарған Асанбай Асқаровтың бастамасымен, халықтың күшімен салынған. Кейіннен осының бәрі Асқаровтың өзіне таяқ болып тиді. Оны қаралаушылар ипподром, зообақ, дендробақ арқылы айыптады, қуғын-сүргінге ұшыратты. Одан көзі қарақты адамның хабары бар шығар деп ойлаймын. Ол замандар енді келмеске кетті. Ал Асқаров салдырған нысандар халық игілігі болып қалды.

Осы күнге дейін ипподром  тақиямызға тарлық етпей, жұмыс істеп келді. Оның жанындағы зообақ, денробақ, әріректе Наурыз алаңы бәрі өзара үйлесіп тұр емес пе?! Осылай демалыс кешені болып қала бергені дұрыс еді. Біреуге атшабардың территориясы ұнап қалыпты деп бере салсақ, не болады? Халықтың мүддесі қайда қалады? Алдымен бұл мәселені жан-жақты қарастырып, тиімді, тиімсіз жақтарын зерттеп алу керек. Құрылыс компаниясы да, әкімдік те жоба-жоспардың барлығын ашық түрде елге көрсетіп, түсіндірсін. Егер шынымен бәріміз үшін пайдалы жоба болса, онда халық қолдар еді ғой.  Әрине, халықтың алаңдаушылығын орынды деп есептеймін. Атшабар және сол маңдағы нысандардың барлығы әу баста қаланың  демалыс орындары болады деп салынды емес пе?! Атшабардың қызмет етіп тұрғанына отыз жылдан асып кетті. Оны көшіру заман талабы шығар. Бірақ оның орнына тұрғын үй емес, демалыс орнын салған дұрыс. Қаланың бас жоспары бар емес пе? Егер басшылар бас жоспарға арқа сүйесе, мұндай талас-тартыс болмауы тиіс еді.

Құрылыс компаниясы неге дәл сол ипподромның жеріне көз тіге қалғанын түсінбей отырмын. Қалада құрылысқа ыңғайлы басқа да жер телімдері бар емес пе?  Жалпы бұл жобада түсініксіз нәрселер көп. 

ЕСКЕРТУ: Материалдан үзінді келітретін болсаңыздар, Oinet.kz сайтына сілтеме берулеріңізді сұраймыз!

Шыңғыс Мұқан: Шымкенттің болашағы инвестицияға байланысты
​Берік Оспанов: Ипподромның орнына тұрғын үйлердің салынғаны дұрыс емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу